Ауғанстанда көкнәр өсіруге тыйым салатын пәтуа қабылданды

Ауғанстанда көкнәр өсіруге тыйым салатын пәтуа қабылданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауғанстанның қиыр шығысында орналасқан Нангархар аймағында діни қызметкерлер апиын көкнәрін өсіруге тыйым салатын пәтуа қабылдады.

Tolonews ресурсына сілтеме жасай отырып «Афганистар.ру» порталы мәлімдегендей, қабыданған құжатта көкнәр өсіру, сондай-ақ, есірткі контрабандасына қатысу ислам дінінің қағидаларына қарама-қайшы делінген.

«Есірткінің кез-келген түріне тыйым салынды. Ислам діні кез-келген еліткіш заттарды құптамайды және де аталмыш пәтуа аймақтың барлық діни қызметкерлерімен қабылданған», - деп атап өткен Дін істері мен қажылық басқармасының аймақтық басшысы Мұхаммед Дәуд Мұжахид.

Айта кету керек, қазіргі таңда апиын көкнәрі ел билігінің бақылауынан тысқары қалған аудандарда, атап айтқанда Шинвари мен Хогьяни аудандарында өсіріледі. Есірткі сатумен белсенді айналысатындар негізінен елде ойран салып жүрген лаңкестік топтарға қатысы бар содырлар. 

Күн сайын Ауғанстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері тоннаға жуық есірткіні тәркілейді. Сонымен қатар, апиын көкнәрі егіген алқаптарды өртеу операциялары да орын алып тұрады, алайда бұл әрекет те жағдайды құтқарар емес.

аsyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: