Ақтөбе: Кеңқияқта 1300 орындық мешіт ашылды

Ақтөбе: Кеңқияқта 1300 орындық мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Темір ауданына қарасты Кеңқияқ елдімекенінде «Ырысты ана» атауымен жаңа мешіт тұрғызылды.

Өткен аптада мешіт салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге ҚМДБ-ның «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысып, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемдемесін жеткізді. Ауыл іргесінен тұңғыш тұрғызылып жатқан мешіт өңірдегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі боларына зор сенім білдірді. Игі іске демеушілік еткен жеке кәсіпкер Сәлімжан Қапанұлына Бас мүфти атынан Алғыс хат табыс етіліп, қазақы үрдіспен иығына шапан жабылды. Шараға аудан басшысы Жолдас Нұрланұлы, Атырау облысының өкіл имамы Батыржан Мансұров, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, басқа да зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Екі қабатты еңселі мешітте бір мезгілде 1300 адамға дейін құлшылық ете алады. Мешітке Ырысты қажы Балжігітованың есімі берілді. Ол – ислам дінінің жанашыры болған, өте қайырымды жан. Он бес құрсақ көтеріп, «Алтын алқа» иесі атанған ол жолдасы ҚапанБалжігітұлымен бірге үш рет қажылық парызын өтеген. 20-дан астам медресе шәкіртіне қаржылай көмек көрсетіп, одан да өзге сауапты істерге демеушілік еткен.

 

 Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: