Қордай имамдары кезекті жиында бас қосты

Қордай имамдары кезекті жиында бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша Масаншы, Сортөбе, Аухатты және Қарасу ауыл аймақтарында қызмет ететін дін қызметкерлері Бұлар батыр ауылдық мешітінде бас қосты.

Жиналыс төрағасы аудан бас имамы Д.Жандосұлы жылды қорытындылап, осы аймақта қызмет атқарушы имам-молдалардың жұмыс бағыттары бойынша орын алған кемшіліктер айтылып, оңтайланған жұмыстардың да баршылық екенін жеткізді. Дін қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан келген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау жіті назарда болу қажеттілігі қаперге салынды.

Төл басылымдарға жазылу бойынша биылғы жұмыстар оң қорытындымен аяқталғанымен, келер жылдың қамын да жоспарлау міндеттелді Мешіттердің қысқы маусымдағы жылыту жұмыстары, өрт қауіпсіздігі және тазалық жұмыстары бойынша бас имам Д.Жандосұлы аталмыш ауылдарға жасаған жұмыс сапарын нәтижелеп, тиісті тапсырмалар берілді.

Жиын соңында кезекті аттестациядан жоғары бағаға қол жеткізген дін қызметкерлерін өкіл имам Д.Ә.Жұмабаев атынан марапаттады.

«Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: