"Әйел-қыздар" секторы мұқтаж 10 отбасына азық-түлік таратты

"Әйел-қыздар" секторы мұқтаж 10 отбасына азық-түлік таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласында тұратын 10 мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылды. Үнемі жақсылықтың жаршысы болып жүрген орталық "Һибатулла Тарази" мешіті мұқтаж отбасыларға көмектесе отырып, қасиетті Мәуліт айында бір үлкен сауапты іс атқарды.

Орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан, ұстаздары Алдасаева Гүлжан мен Маханбетова Ләззаттың атсалысуымен мұқтаж, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар барлығы 10  отбасына әрқайсысында ұн, күріш, макарон және қорап шәй мен тәтті печеньелер, ас майы өнімдері бар бір пакет толы азық-түлік таратылды.

Жылы сөз, жұмсақ алақанға зәру болған мұқтаж жандар, әсіресе қарттар мен кейуаналар қуаныштан көздеріне жас алып, алғыс-баталарын беріп жатты.

 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: