«Кеңесхан қажы» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

«Кеңесхан қажы» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде әйелдер-қыздар секторы ұстаздарының ұйымдастыруымен, Аллаһ елшісінің: «Кісі ахиретте сүйгенімен бірге болады» - деген хадисіне амал ету ниетімен «Пайғамбарымызды сағындық» атты мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мешіт шәкірттері атсалысуымен басталған мереке мешіт ұстаздары Қожантаева Айдана және Қолағұлова Жібек жиылған жұртқа сәлем беріп, Құранның Фатиха сүресі оқылғаннан соң ашық деп жарияланды. Бағдарламаның негізгі тақырыбы Имам Шарафуддин Бусайридың Пайғамбарымызға (с.а.с) арнаған атақты Қасида Бұрда шығармасына арналған. Осы шығарманың аясында көріністер көрсетіліп, әжелеріміз бен ханымдар тарапынан қазақшаға аударылған кейбір бөлімдері оқылды. Пайғамбарымызға болған бұл қара өлең жолдарынан терең ойға батқан көрермен көздеріне жас алды. 

Қонақтарға арнайы дайындалған Сира пәнінен сұрақтар қойылып сыйлықтар таратылды. Сөз соңы мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек Фатиха сүресінің 28 аяты мен Мұхаммед сүресін оқыды, әжелер жамағатын бастап жүрген ақ жаулықты анамыз Санталат апа ұйымдастырушы жамағатқа алғысын білдірді және жиынымызға арнайы шақырылған Тараз қалалық әйелдер-қыздар секторы төрайымы Алдасаева Гүлжан Аллаһ расулының өмірінен уағыз насихат айтты. Жиын соңы шәкірттеріміз ұйымдастырған дастарханмен жалғасты. Мәуліт ай баршамызға мүбәрак болсын!

«Кеңесхан қажы» мешітінің
баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: