Ата-анасына құрмет көрсететін адамның тілегі ешқашан қайтарылмайды

Ата-анасына құрмет көрсететін адамның тілегі ешқашан қайтарылмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Усайр ибн Әмр былай деді:

Омар бин әл-Хаттабқа (р.а) қосымша әскери күш Иемендіктердің ішінен келіп отырған кезде ол: «Сендердің араларыңда Увайс ибн Әмр бар ма?», - деп әрдайым сұрастыратын. Ол сол сұрастыруын Увайспен (оған Алла разы болсын) кездескенше тоқтатпады. Омар (р.а ) одан: «Сен Увайс ибн Әмрсің бе?» - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Омар: «Мурад руы каран қауымынансың ба?» - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап қайырды. Омар және: «Сен алапеспен ауырып, дирхем көлеміндей бір жеріңді санамағанда, толығымен жазылып кеттің бе?» - деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Омар және: «Сенің шешең бар ма?» - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Сонда Омар: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге Иеменнен келген жасақтың ішнде мурад руы каран қауымынан алапеспен ауырып, одан денесінде дирхемнің көлеміндей жерін санамағанда түгел айыққан, Увайс бин Әмр келеді. Оның шешесі бар, ол шешесін  құрмет көрсетіп (күтеді), егер ол ант беретін болса, Алла оның антын орындайды, сондықтан қолыңнан келсе одан өзің үшін Алладан кешірім тілеуін сұра!» - деп айтқанын естідім. Сондықтан мен үшін кешірім сұрашы!» - дейді. Увайс ол үшін Алладан кешірім сұрап дұға жасайды. Содан соң Омар (р.а) одан: «Сен қайда барғың келеді?» - деп сұрайды. Ол: «Куфаға», - дейді. Омар: «Сен үшін Куфаның басқарушысына хат жазып берейін бе? » - дейді. Увайс оған: «Маған кедейлердің арасында болған ұнайды», - дейді.

Ал келесі жылы Куфаның бір тұрғыны қажылық кезінде Омарды кездестіріп қалады. Омар (р.а) одан Увайс жайлы сұрастыра бастайды. Куфалық тұрғын: «Соңғы рет оны көргенімде қолында да, үйінде де ештеңесі болмаған еді», – дейді. Сонда Омар оған Алла Елшісінің (ﷺ) сөзін жеткізіп, «егер қолыңнан келсе одан өзің үшін Алладан кешірім тілеуін сұра», - дейді. Мұны естіген әлгі адам Увайсқа келеді де: «Мен үшін Алладан күнәмнің кешіруін сұрашы», – дейді. Увайс жауап ретінде: «Сен қажылықты менен кейін жасадың, сондықтан мен үшін сен Алладан  күнәларымның кешірілуін сұра!» – дейді. Ол адам одан: «Сен Омармен кездестің бе?» – деп сұрайды. Увайс: «Иә», - дейді де, ол үшін кешірім сұрап Аллаға дұға жасайды. Сосын адамдар бұл жайлы біледі де, ал (Увайс) өз жөнімен (ол жерден) кетіп қалады.
(хадис Муслимнен жеткен)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: