Тұңғыш рет Мәуліт төрт тілде оқылды

Тұңғыш рет Мәуліт төрт тілде оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен облыстық “Қазақстан халқы Ассамблеясы” ғимаратында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесіне орай “Біз сені бүкіл әлемге тек мейірімділік жаршысы етіп қана жібердік” атты рухани кеші өтті.

Рухани кешке қала басшылығының өкілдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, облыс, қала, аудан мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары, барлығы 750-ден аса көрермен қатысты.

Салтанатты шара Құран Кәрімді тіләуат етумен басталды. Кеш барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев сөз сөйлеп, мерекелік құттықтауын арнады.

Рухани кешті елімізен белгілі теле-журналист Мұхаммедәли Болатұлы жүргізді. Кеш барысында дін тұрғысындағы әндер мен жырларға кезектер берілді. Сондай-ақ, облыстық «Әзіл-Ысқақ», «Ж.Шанин» атындағы театрларының өнерпаздары сахналық қойылым қойды. Бұлардан бөлек, белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаев жастардың тәлім-тәрбиесі жөнінде тұшымды уағыз айтты.

Биылғы жылғы рухани кештің бір ерекшелігі тұңғыш рет Мәуліт хұтбасы (жыры) қазақ, өзбек, түрік және араб тілінде оқылды. Оны мешітіміздің имамдары мен білгір ұстаздары және «Шымкент» медресе колледжінің бір топ шәкірттерінің сүйемелдеуімен орындалды.

Рухани кеш барысында Діни басқарма жанындағы сараптау комиссиясының мақұлдауынан пайғмбарымыздың өмір тарихына арналған «Адамзаттың асыл тәжі» атты 750 дана кітаптар мен тәттілер тегін таратылады.

Айта кету керек, биылғы рухани кешті «Асыл-мұра» өнер орталығының атсалысуымен ұйымдастырылды.

Рухани кештен көпшілік рахат алып, ризалықтарын білдіріп тарасты.

muftyat.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: