Жамбыл облысының имамдары жылдық қорытынды есеп берді

Жамбыл облысының имамдары жылдық қорытынды есеп берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлының басшылығымен облыс имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті.

Алқалы жиында облыстағы аудан, қала мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады.

Жаңа нұсқа бойынша жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни меркелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы, «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми сайты «asyldin.kz» сайтының жұмыстары, «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстары, және теріс ағыммен күрес бағыттары, облыстағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд ретінде көрсетілді.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты Бас имам Данияр қажы Әлимұхамедұлы жалпы оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды. Сонымен қатар, осы тыңдалған жылдық қорытынды есебінің ішінде Тараз қаласының, Сарысу және Қордай аудандарының атқарылған жұмыстары ең үздік деп танылып, жоғары бағаланды.

Жиналыс соңында өкіл имам Данияр қажы Әлимұхамедұлы ерекше еңбегімен көзге түсіп, оқ бойы озық тұрған бірнеше қызметкерге мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты.

Қордай ауданының наиб имамы Сатылғанов Асқар, Байзақ ауданының наиб имамы Кәрімбаев Айбек және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әмреев Бақтияр «Үздік наиб имам» мақтау қағазымен марапатталды.

Жуырда өткен аттестациядан үздік нәтиже көрсеткен «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, Қордай аудынының ұстаздары Уди Харби және Хусар Неби және Сарысу аудандық «Жаңатас» мешітінің ұстазы Тұрсынбек Самат марапатталды.

Сонымен қатар, жақсы жұмыс жасап, жақсы нәтиже көрсете білген «Үздік қала» марапатына Тараз қаласы, «Үздік аудан» марапатына Сарысу ауданы ие болды. Және «Халал даму» ЖШС-нің Жамбыл облысы бойынша өкілі Миразизов Нұрматжан ағамызға да мақтау қағазы берілді.


«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: