Исламда 3 күннен артық ренжуге болмайды

Исламда 3 күннен артық ренжуге болмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы әртүрлі сезімдерге берілетіні табиғи нәрсе, соның ішінде жағымсыз өкпе-реніш сезімі бар. Бізге қатысты әділетсіздік танытты немесе қысым көрсетті деп ойласақ, біз тек қана ренжіп қалмаймыз, сонымен қатар, әлгі адаммен кез-келген қарым-қатынасымызды үзіп жатамыз.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтқан сөздеріне қарағанда, иісі мұсылман адам өз жақынына үш күн, үш түннен артық ренжуіне болмайды. Не себепті дейсіз ғой? Теріс сезімдер қайнау шегіне жеткен кезде өзге бір жанды ренжітіп, ара-қатынастарыңызды құртып қана қоймай, сондай-ақ, сізді жағымсыз жағынан да көрсетіп қояды. Сол себепті де біздің тынышталып, ой-пікірлеріміз бен әрекеттерімізді бір жүйеге келтіріп, болған оқиғаны қайта қарап шығып, қателікке бой ұрындырмауымыз үшін бізге 3 күн берілген, алайда діни немесе шариғаттық себептер орын алған болса, онда бұл кезең созылып кетуі мүмкін. Иман келтіргендер, ең алдымен, келесі хадистерді басшылыққа алуы қажет:
1) «Бір-бірлеріңмен ара-қатынастарыңды үзбеңдер, теріс айналмаңдар, өшпенділік танытпаңдар да бір-бірлеріңді қызғанбаңдар. Уа, Алланың пенделері, бір-бірлеріңе бауыр болыңдар. Мұсылман адамның өз бауырына 3 күннен артық ренжуіне болмайды» (Бұхари, Әдеп, 57, 58, 62; Мүслим, Бирр, 23, 24, 28, 30-32).
2) «Мұсылман адамның өз бауырына 3 күннен артық ренжуіне тыйым салынған: Кездескен екі мұсылман адам бір біріне ренжіп, екеуі де теріс айналады, алайда кім бұрын келіп татуласар болса, сол жақсы адам болып табылады» (Бұхари, Әдеп, 62, Исти'зан 9; Мүслим, Бирр 23, 25, 26).
3) «Дүйсенбі және бейсенбі күндері Алла әрбір мұсылманға кешірім жасайды, тек Оған серік қосқандар мен ренжіскендерге емес …» (Мүслим, Бирр, 36).
Біздің асыл дініміз Ислам адамдар арасындағы достық пен татулықты, жақсы қарым-қатынасты көздейтін дін. Жақыныңа, туған-туысқаныңа апталап, айлап ренжудің қажеті жоқ, есіңізде болсын – мұсылмандар ұрсысып, бір-бірлеріне ренжіп жатса азғын шайтан бұған шексіз қуанатын болады! Және де сіздердің ең жақсыларыңыз: бірінші болып татуласуға қадам жасайтыныңыз.
Алла Тағала сізді кешіргенің қалар болсаңыз, онда адамдарға да кешірімшіл болыңыз. Оларды Алла разылығы үшін кешіріңіз! Осы бес күндік фәниде ешкімді ренжітпей, өзіңіз де ешбір жанға ренжімей жүруге тырысыңыз. Уақытша бұл өмір сондай қысқа екенін ұмытпаңыз...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (6)

Оқи отырыңыз: