Қажылыққа тиындап қаржы жиды

Қажылыққа тиындап қаржы жиды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркиялық қажылыққа бару үшін мақсатты түрде күн сайын тиындап қаражат жиған әйелдің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды.

Кайсери қаласының тұрғыны 55 жастағы Разие Тахмаз қажылық жасауды өмір бойы армандап келген. Алайда қаржылық жағдайы оған мүмкіндік бермеді. Осыдан үш жыл бұрын ол арманын жақындаттыру үшін нақты әрекетке көшті: ол күн сайын 1 лирадан қажылыққа қаржы жиып отырды. Осылайша үш жылда 1 500 лира жиналды. Қалған соманы оған балалары және атын беймәлім қалдыруды жөн санаған меценант берген. Нәтижесінде Разие Тахмаз Ұмра қажылығына алдағы қыс мезгілінде баратын болды.  Мекке мен Мәдинадағы қасиетті орындарда ол үш аптадай қажылық рәсімін жасайды.

 

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: