Әт-тәхияттың астарында не бар екенін білесіз бе?

Әт-тәхияттың астарында не бар екенін білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шын мәнінде әт-тәхият күнделікті намазымызда оқитын дұға.

Мұның қандай маңызды екенін білгенімде, жүрегім елжіреп кетті.

Расында, әт-тәхият Жаратушымыз Алла Тағала мен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уа саллям) Миғраж түнінде болған сұхбатының бір бөлшегі.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллям) Алла Тағаламен жүздескенде «ассаләму әлейкум» демеді. Адам баласы Жаратушысын көргенде қалай амандаса алады? Жақсылық-нығметтердің жəне игіліктердің баршасының Иесіне қалайша сәлем бересің?
Пайғамбарымыз сонда былай депті:

«Әттахиәту Лилләһи уәс саләуәту уат таиибату». (Барлық мақтау, барлық намаздар мен құлшылық тек Алла үшін)

Алла Тағала:

«Ассаләму әләйка аюһаннабию уа рахматуллаһи уа баракәтуһу» (Сәлем саған, О пайғамбар және Алланың мейірімі мен игілігі болсын)
Осыған Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уа саллям) жауап ретінде:
«Ассаләму әләйнәә уа алә ибадиллаһис саалихиин». (Бізге және Алланың барша жақсы құлдарына сәлем болсын)

Алла Тағала мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллям)  осы сұхбатын естіген періштелер:

«Ашһаду әлләә иләәһа иллаллаһу уа ашһаду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулуһ». (Алладан өзге құлшылық етуге лайықты Құдай жоқ және Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін)

СубханАлла!
Күнделікті намазымдағы осы бір теңдесі жоқ сұхбат үзіндісінің сұлулығына тамсана отырып, оның қандай маңызды екенін бар жүрегіммен сезіндім.

Жаратушы Иеміз құлшылықтарымызды қабыл етсін.

nurgasyr.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: