"Әулие ата" мешітінде Мәуліт дұғасы оқылды

"Әулие ата" мешітінде Мәуліт дұғасы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің «әйелдер-қыздар» секторы және «Әулие ата» мешітінің ұстазы Мусаева Фатима ханымның ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айы «Мəуліт» мерекесі аталып өтті.

Дастархан алдында Баймаханов Ораз имам мəуліт жырын араб және қазақ тілдерінде оқып, салауат бағыштады. Дұғадан кейін имам облыс көлемінде қыздар арасында өткен Құран жарысына «Әулие ата» мешітінен қатысушыларға мешіт атынан сыйлық табыстады.

Сондай-ақ, тұрмысы төмен 5 отбасына азық- түлік беріліп, қайырымдылық жасалды
Жиын соңында қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: