Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынды

Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияда темекі өнімдерін жарнама жасауға тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бұл туралы Resmi Gazete республикалық газеті хабарлады.

Жаңа заңға сәйкес, енді Түркия территориясында темекі өнімдері мен тауарларына жарнама жасауға толықтай тыйым салынады. Бұдан бөлек темекі тауарларын БАҚ беттерінде оның ішінде кинофильмдерде, бейнеклиптерде және әлеуметтік желілер арқылы жариялауға да болмайды. Темекі өнімдерін сатылымға өндіруші фирманың логотипін таңбалауға да қатаң тыйым салынады, яғни темекі қораптары біркелкі болмақ.

Еске сала кетсек, 2008 жылдан бері Түркияда қоғамдық орындарда тыйым шылым шегуге салынған. Тыйымды бұзған жағдайда 88 лира, яғни 16 доллар айыппұл тағайындалған.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: