Мүфтият жалпыхалықтық диктант шарасына үн қосты

Мүфтият жалпыхалықтық диктант шарасына үн қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Жалпыхалықтық диктант шарасына қолдау білдірді.

Еліміздегі медреселерде тәлім алып жатқан шәкірттер мен мешіт қызметкерлері бір мезетте жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазды.

Айта кетейік, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» іс-шарасы өтті. Диктант бір уақытта республика бойынша өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда ұйымдастырылды. Диктант «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жалпыхалықтық диктантты өткізу бастамасына белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, спортшылар, сонымен қатар мәдениет және өнер саласының тұлғалары мен журналистер қолдау білдірді.

muftyat.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: