Жамбыл облысының имамдары жаңа әліпбимен диктант жазды

Жамбыл облысының имамдары жаңа әліпбимен диктант жазды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің латын әліпбиіне көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың 14 қараша күнін «Жалпыхалықтық диктант» күні деп белгілеген болатын. Бұл шараның мақсаты - жаңа қазақ ілпбиін насихаттау, латын әліпбиін тәжірибелік түрғыда меңгеруге дағдыландыру. Жалпыхалықтық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Бұл игі шараға Жамбыл жұртшылығы да  белсене атсалысты. 

Осыған орай, осы шараны қолдау мақсатында Жамбыл облысының имам-молдалары мен медресе және сауат ашу курсының шәкірттері арасында бұл іс-шара "Шалқар" және ""Қазақ" радиоларында тікелей эфирден мәтін аудиосын тыңдау арқылы диктант жазылды. 

«Жалпыхалықтық диктант» күніне орай Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қала имамдары бас қосып, латын әріптерімен танысып, диктант жазды.

Шараны қолдау мақсатында Шу қаласындағы имам-молдалар да жаңа әліпбимен диктант жазды. Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жаңа әліпбиге көшу заман талабы, сондай-ақ мемлекетіміздің дамып өркендеуіне сонымен қатар өркениетке қол жеткізуге бағытталған қадамдардың бірі екенін атап өтті.

"Һибатулла Тарази"мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: