Түркияның мешіт-бақшасы дүнижүзіне танымал

Түркияның мешіт-бақшасы дүнижүзіне танымал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Невшехир аймағындағы Эсентепе ауданында орналасқан Ташлыбель Чичекли мешіті жер бетіндегі ең бір әдемі орын болып табылады.

Бұл мешітке ерекше сән беріп тұрған көздің жауын алар әртүрлі гүлдер мен жеміс-жидек, соның ішінде, лимон және зәйтүн ағаштары өсірілген құмыралар. Ахмет Айдемир имам аталмыш мешітте 1992 жылдан бастап қызмет етіп келеді.
“1995 жылдан бастап мен мешіттің ішіне өсімдіктер өсіре бастадым. Менің бұл идеямды жергілікті жамағат қолдап әкетті де осы іске мен балаларды да араластыруды ойладым. Әрбір балаға нақты бір өсімдіктің күтімін тапсырдым әрі сол баланың есімін өсімдік өсіп тұрған құмыраға жазып қоятын болдым. Бұл мешіт пен өсімдіктерге деген балалардың сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі”, – деп айтқан Айдемир имам.
Оның айтуынша, осы мешітке бірінші рет аяқ басып кірген адам тәнті болады екен. Олар ешқашан мұндайды көрмегендіктерін жасырмайтын көрінеді. Ал Айдемир имамның өзі таң намазынан кейін өсімдіктерге күтім жасағанды ұнатады екен.

аsyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: