Хадиша анамыздың Жәбірейіл періштені «сынауы»

Хадиша анамыздың Жәбірейіл періштені «сынауы»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.а.у.) алғаш уахи келе бастағанда көзіне Жәбірейіл (а.с.) періште көрінеді. Мұнысын сүйген жары Хадиша анамызға (р.а.) айтады. Хадиша анамыз да Інжіл мен Тәураттан хабардар әрі өте сауатты болған немере ағасы Уарақа бин Нәуфәлға айтады. Немере ағасы Хадиша анамызға көрініп жүргеннің Жәбірейіл ме, жоқ па, соны бір сынап көруі үшін:

– Жәбірейіл – Аллаһ пен пайғамбарлары арасындағы Алланың сенімді елшісі. Сен Мұхаммедті (с.а.у.) көрген нәрселерін көрген жерге апар. Өзіне осыған дейін келген нәрсесі келгенде, орамалыңды шешіп, шашыңды көрсет. Егер ол Аллаһ тарапынан болса, Мұхаммед көрген нәрсесін көре алмайды»,–дейді.

Хадиша анамыз да немере ағасының айтқанындай істейді де, Пайғамбарымызға (с.а.у.):

– Уа, немере ағамның ұлы! Өткенде саған келген нәрсе (періште) қайта келген уақытта маған хабар беремісің? – дейді. Пайғамбарымыз да (с.а.у.):

– Жарайды берейін, – дейді. Хадиша анамыз да:

– Олай болса, саған келген бетте маған хабар бере,–дейді. Пайғамбарымыз сол кезде:

– Хадиша! Міне, Жәбірейіл қасыма келді,–деді. Хазіреті Хадиша да:

– Тұр да, келіп сол тіземе отыршы, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) келіп отырған бетте:

– Оны әлі көріп тұрмысың? – деп сұрады. Пайғамбарымыз:

– Иә, көріп тұрмын, – деп жауап берді. Хадиша анамыз:

– Тұр да оң тіземе отыршы, – деді. Пайғамбарымыз да оң жақ тізесіне отырады. Хадиша анамыз тағы да сұрайды:

– Енді көріп тұрсың ба?

– Иә, көріп тұрмын.

– Онда құшағыма кел.

Хадиша анамыз Пайғамбарымызды (с.а.у.) құшағына алады да:

– Оны әлі көріп тұрмысың? – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Иә, – деп жауап береді. Сол кезде Хадиша анамыз басындағы орамалын шешіп, шашын көрсетеді де:

– Ал енді ше? – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Жоқ, енді көрінбей қалды, – деп жауап береді.

– Уа, немере ағамның ұлы! Сүйінші! Уаллаһи, бұл саған келген періште! Шайтан емес! – дейді.

 

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: