Мекке-Мәдинаны топан су басты

Мекке-Мәдинаны топан су басты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында апта бойына нөсерлі жауын жауды. Салдарынан адамдар топан су астында қалып, бес адам мерт болды, деп хабарлайды Islam.ru.

Азаматтық қорғаныс басқармасы топан су салдарынан қаза болғандар қай қалада екенін жарияламады. Ведомство таратқан мәліметте су тасқынынан ағаштар мен бағдаршамдар құлап, жолдар жабылып, қозғалыс тоқтағаны айтылған.

Жергілікті баспасөз мәліметтерінше, нөсерлі жауын Сауд Арабиясында соңғы 20 жылда ең үлкені болып отыр. 28 қазанда басталған жауын корольдіктің Мекке, Мәдина, Рияд, Хаил, эш-Шаркие, Асир, Жазан, эль-Бах, эль-Жевх қалаларында әлі күнге тыйылмаған.

Метеорология және қоршаған орта басқармасы азаматтарды қауіпсіздікті сақтауға және қатты қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырды. Жаңбыр жауып жатқан қалаларда тағы да су тасқыны болуы мүмкін деген ескертпе берілді.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: