Татарстан президенті ислам экономикасын дамытқаны үшін марапатталды

Татарстан президенті ислам экономикасын дамытқаны үшін марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

30 қазанда Дубайда өткен Ғаламдық ислам экономикалық саммиті аясында Татарстан президенті Рустам Минниханов ислам экономикасын дамытқаны үшін арнайы сыйға ие болды. Республика басшысына аталмыш сыйды Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан бен Мұхаммед бен Рашед Әл-Мактум табыс етті. Сондай-ақ, Татарстан көшбасшысы мен мұрагер ханзада арасында жұмыс бабындағы басқосу орын алды. Атап айтқанда, Әл-Мактум Миннихановке GIES-2018 форумына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Ресей мен БАӘ арасындағы серіктестікті нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.

«Islamic Economy Award» сыйын 2013 жылы Дубай ислам экономикасын дамыту орталығы тағайындаған болатын. Бұл сый мұсылман халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту үшін маңызды үлес қосушы инновациялық идея мен бизнес-бастамалар үшін беріледі.

Сонымен қатар, форум алаңында ТР президенті Рустам Минниханов БАӘ экономика министрі Султан бен Саид Әл-Мансуримен кездесті. Басқосу кезінде ресей-әмірлік қатынастар аясында өтетін БАӘ мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық серіктестігінің мәселелері талқыланды.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: