Қордайда адал астың адам өміріндегі маңызы туралы семинар өтті

Қордайда адал астың адам өміріндегі маңызы туралы семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі, аудандық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен  және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастырыумен «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Адал астың адамзат өміріндегі маңызы» атты халал стандарт бойынша семинар өтті. Семинарда арнайы ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС директор орынбасары Елжанов Əнуарбек Ізімбайұлы дәріс оқыды. Өскелең ұрпақтың адал аспен қоректенудің маңыздылығын ескере отырып семинарға бала-бақша меңгерушілері,  қоғамдық тамақтандыру және азық түлік саудасымен шұғылданған кәсіпкерлер және қасапхана қызметкерлері шақырылды.

Семинар барысында ғылыми дəлел дəйектермен əлемдік халал өндірісінде көш басында келе жатқан мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ-ның халал стандарты бөлімі дайындаған стандарт таныстырып өтті. Қасапшылықтың маңызын атап өткен Әнуарбек Ізімбайұлы шариғат талаптарына сай мал бауыздаудың тәсілдеріне тоқталып, адам ағзасына берер мол пайдасын түсіндіре кетті. 

Семинарға қатысушылар тарапынан аталмыш тақырып қызығушылық тудырып, сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға маман тарапынан нақты жауаптар берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: