«Әл-Фирдаус» мешітінде қайырымдылық жасалды

«Әл-Фирдаус» мешітінде қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған –адамдықтың белгісі» деп халқымыз айтпақшы,  қайырымдылық жасау кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Құран Кәрімде Алла Тағала:«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)», - деген.

Алла разылығы үшін, Тараз қаласындағы «Әл-Фирдаус» мешітінің имамы  Жапек Ғалымбектің ұйымдастыруымен көп балалы аналар мен тұрмысы төмен жанұяларға жалпы 160000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды. Әр отбасына 5-6 келіден түйе еті, азық-түлік жəне бір қап пияздан берілді.

Қайырымды жандар көп, садақамыз болсын дейміз!

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: