Неліктен Пайғамбарымыз (ﷺ) үйдің кіре берісіне отыруға тыйым салған?

Неліктен Пайғамбарымыз (ﷺ) үйдің кіре берісіне отыруға тыйым салған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дереккөздерде Пайғамбарымыз (ﷺ) адамдарға, әсіресе, ер адамдарға жолдың шетінде, сондай-ақ, үйге кіре берісте отырмауға кеңес бергені келтірілген. Бұл жөнінде хадистерде былай айтылған:

Әбу Саид әл-Худри Пайғамбарымыздың (ﷺ):

- Еш уақытта жолда, жолдың шетінде отырмаңдар, - деп айтқанын келтірген.

Сонда сахабалар:

- Уа, Алла Елшісі! Біздің жиналатын бұдан басқа жеріміз жоқ. Осы жерге адамдар жиылады да біз әңгімелесеміз, - дейді.

Бұған Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Егер тіпті отыратын болсаңдар, онда әділдік сақтаңдар, - деп айтқан екен.

Кейін мұны Пайғамбарымыз (ﷺ) былай түсіндіріп берген:

Бұл көзіңді тыйым салғаннан сақтап, жанарыңды түсір дегенді білдіреді.  Жолды кес-кестемеңдер, елдің мазасын алып, әуреге салмаңдар, сәлемге жауап беріңдер, жақсылық тілеп, жаманнан бойларыңды аулақ ұстаңдар (Бұхари, «Мезалим», 22).

Хадисте ер адамдар туралы айтылған, себебі сол замандағы қыз-келіншектердің осылай жиналып алатын әдеті болмаған ғой. Солай десек те, бұл хадис қазіргі таңда да өзекті әрі қыз-келіншектерге де қатысы бар. Жолдың үстінде немесе әлдебір үйдің кіре берісіне жиылып тұруға тыйым салынбаған, тек бұл жиылыс өзгелерге жайсыздық тудырмауы әрі күнә жасауға итермелеуі тиіс.

Қыз-келіншектерге де қатысты бірнеше хадистер бар:

«Қыз-келіншектерге жолдың ортасымен жүру өрескел болады» (Кензу’ль-Уммаль, х. №: 45063),

«Жолдың ортасымен емес, жолдың шетімен жүріңдер» (Кензу’ль-Уммаль, хадис №45036). Алайда Мажмау’з-Зауаид (2/200) бұл хадисті әлсіз деп тапқан.

Сонымен, сөздің тоқ етер түйіні: Пайғамбарымыз (ﷺ) бізді адамдарға, әсіресе, жолға шыққан жолаушыларға қатысты мұқият болуды ескерткен. Ол (ﷺ) адамдардың алаңдаушылық танытқанын немесе олардың бір бәлеге ұшырағанын қаламаған, өйткені Ислам – бұл жақсылық діні, ал мұсылман – өзінің маңайындағы адамдарға жайлы жан.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: