«Шешенстан жүрегі» мешітіне 10 жыл

«Шешенстан жүрегі» мешітіне 10 жыл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейдегі ең үлкен және әсем мешіттің бірі Шешенстанның Грозный қаласында орналасқан. «Шешенстан жүрегі» мешіті 2008 жылдың 17 қазан күні ашылған, деп жазады islam-today.

Шешен астанасындағы үлкен мешіт екі жарым жылда салынған. Мешіт ислам кешенінің бір бөлігі саналады, мұнда тағы Кунта-қажы атындағы ислам кешені және Шешенстан республикасы Мұсылмандары діни басқармасы орналасқан.

«Шешенстан жүрегі» мешіті классикалық осман үлгісінде тұрғызылған. Төрт мұнарасының биіктігі – 63 метр. Мешіттің ішкі және сыртқы қабырғалары мәрмәр тастан, ішкі интерьері ақ мәрмардан жасалған. Құлшылық үйінің жалпы көлемі 5 мың шаршы метр, сыйымдылығы 10 мың адамнан асады. Сондай-ақ, тағы осынша адам мешіттің ауласында намаз оқи алады.

кazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: