Түркістан облысында жаңа мешіт ашылды

Түркістан облысында жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елді мекенінде «Әсіпбай қажы» мешіті жаңадан бой көтерді. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауданның ақсақалдары, ауданның бас имамы, облыстық мешіттің наиб имамдары, алыс-жақыннан келген ағайындар, ауыл азаматтары қатысты.

Ашылу салтанатын Ордабасы ауданындағы «Темірлан» мешітінің ұстазы Убайдулла қари Құран оқып, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дұға жасады.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөзінде:

«Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізе отырып, мешіт – Алланың жердегі үйі, кімде-кім мешіт салатын болса, жәннаттан оған сарай салынады. Алла Тағала осы игілікті іске мұрындық болған барша азаматтарға разы болсын»,-деген ризашылығын жеткізді.

Арнайы сыйлық Құран кітабын «Әсіпбай қажы» мешітінің имамы Шыңғысқа табыс етті.

Ордабасы ауданының әкімінің орынбасары Аңсарбек Советұлы бұл қуаныш елге жақсылық әкелсін деген ыстық лебізін жеткізді.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: