Малайзия өлім жазасынан бас тартуда

Малайзия өлім жазасынан бас тартуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзия үкіметі өлім жазасын жою туралы процедураны бастады.

Жуырда Малайзия өлім жазасынан бас тартуға ниетті екенін білдірді. Бұл жөнінде New Straits Times газеті ел премьер-министрінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып мәлімдеген.

Қазіргі таңда Малайзия министрлер кабинеті бекіткен шешім парламенттің қарауына түскен.

Өлім жазасынан бас тарту туралы заңжоба 15 қазанда өтетін парламенттің төменгі палатасының мәжілісінде қаралатын болады.

Аталмыш заңжобаны талқылау кезінде өлім жазасына мараторий енгізу көзделіп отыр.

Айта кету керек, Малайзия заңнамасында көрсетілгендей, ең қатаң жазалау шарасы өте ауыр қылмыстарға, атап айтқанда, адам өлтіру, кәмелет жасқа толмағандарды зорлау, мемлекетке опасыздық жасау, монархияға қарсы қарулы көтеріліс, сондай-ақ, аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін беріледі.

Өлім жазасының үкімі дарға асу арқылы жүзеге асатын.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: