Жапонияда «жылжымалы» мешіт іске қосылды

Жапонияда «жылжымалы» мешіт іске қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тиба перфектурасында жапон пәлсапасының заңдылығына сай ерекше мешіт пайда болды.

Бұл жерде тұрғылықты халықтың жамағатпен намаз оқуына «жылжымалы мешіт» көмекке келеді.

Іс жүзінде – бұл ұзындығы 12 метр, ал ені 2,5 метр болатын фургон. Сыртынан қарағанда бұл фургонның өзге фургондардан еш айырмашылығы жоқ, алайда фургон тоқтаған жерінде көлемі 48 шаршы метр болатын әрі  50 адам бір мезгілде намаз оқи алатын ғибадатханаға айналып шыға келеді. 

Ерекше мұсылман ғибадатханасы салқындатқыш және дәрет алатын сумен жабдықталған.

Айта кететін бір жайт, бұл таңғажайып жобаны жасаушы - дін ұстанымы жағынан буддист болып табылатын Ясухару Иное.

«Барлық иман келтіргендер құлшылық жасай алатындай жасағым келді», - деп айтқан жоба авторы.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: