Мұсылман оқушылар РФ ТЖМ медалімен марапатталады

Мұсылман оқушылар РФ ТЖМ медалімен марапатталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кабардино-Балкарияда 3 оқушы «Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» Ресей Федерациясы Төтенше оқиғалар министрлігінің медалімен марапатталатын болды. Сәйкесінше шешімді республиканың құтқару ведомство басқармасының басшысы Михаил Надежин қабылдаған.  

18 қыркүйек күні Нальчик қаласында орналасқан №3 орта мектебінің 8 сынып оқушылары ерлік іс жасаған. Мектептен қайтып келе жатқан оқушылар өзенде қимылсыз жатқан ер адамды байқап қалады да ойланбастан суға түсіп, оны судан алып шығып, қолдан дем алдырып, жедел жәрдемге қоңырау шалған екен.

Зардап шеккен адамды ауруханаға тезірек жеткізу үшін олар жол-жөнекей жүріп жатқан көліктерді тоқтата бастайды.  Балалардың тоқтатқан көлігі жедел жәрдем машинасы болып шығады да зардап шеккен жанды медициналық мекемеге жеткізеді. Оқушылардың арқасында ер адам тірі қалды, қазір денсаулығы жақсы.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: