Дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақыруы тиіс - ҚР Президенті

Дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақыруы тиіс - ҚР Президенті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақырып, сөз сөйлеулері қажет. Бұл туралы бүгін елордада  өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздер мен біздер жер бетінде бейбітшілікті қамтамасыз ету ұмтылысымызға негіз болған зор әлеуетімізді лайықты деңгейде пайдаланамыз.  Өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығу қажет. Сөз жанжалдасушы тараптардың арасында конструктивті диалог орнату үшін діни көшбасшылардың, діни ұйымдардың зор мүмкіншілігін пайдалану жайында болып отыр», - деді Елбасы.

Осы ретте Қазақстан Президенті барлық дін көшбасшыларына әлемдік қоғамдастықты, адамдарды, мемлекеттерді бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақырып, сөз сөйлеуді ұсынды.

«Оны әрбір діннің тәжірибесіне сәйкес фетва, инцикликтика немесе өзге де жолдаулар мен жүгінімдер формасында білдіруге болар  еді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: