Н.Назарбаев: «Ғылым мен білім ғана радикализмге қарсы тұра алады»

Н.Назарбаев: «Ғылым мен білім ғана радикализмге қарсы тұра алады»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ғылым мен білім ғана радикализмге қарсы тұра алады»-деді. Бұл туралы KazIslam порталының тілшісі хабарлайды.

Президент өз сөзінде БҰҰ-ның ресми мәліметтерін мысалға келтіре отырып:

-Қазір дүниежүзі бойынша 190 миллион адам жұмыссыз, ал, әлем халқының 14%-ы аштықтың зардабын тартып отыр. Үшінші мыңжылдықтың 18 жылын артта қалдырсақ та, планета тұрғындарының қауіпсіздігі ойдағыдай дей алмаймыз. Өйткені, тұтас әлем жұртшылығы біз ұсынған өзара бейбітшілік пен келісім ұстанымына берік емес. Ізгілік пен мейірімділік қана Құдайға жақын ететінін жақсы білсек те, арамызда радикалдардың қарасы қалың. Шиеленіске, бұзақылыққа жақын адам ешқашан Құдайға табынбайды! Радикализмнің емі, негізгі иммунитеті – ғылым мен білім ғана. Онда да адамдар діни ілімге баса назар аударып, мейірімділік, адамгершілік, әділеттілік секілді баға жетпес асыл қасиеттерді насихаттауы керек. Өйткені, қанша жерден технология қарыштап, заман дамып жатқанымен, адамдығымыздан ажырап барамыз,-деп атап өтті.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: