Үлкенге құрмет – мұсылмандық міндет

Үлкенге құрмет – мұсылмандық міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарттар күніне орай Қордай аудандық мешітінің  бастамасымен ауылдық елді мекендерде де іс-шаралар өткізілді.

Әлжан ана ауылдық «Құдайберген» мешіт имамы С.Аманбаев қарттарға құттықтау қағаздарымен қоса бағалы сыйлықтар тарту етіп, мерекелік шарада «Үлкенге құрмет» тақырыбында насихат айтса, «Бетқайнар» және «Қақпатас»  ауылдық мешітінің имамы Н.Жиенбаев  және Ж.Танекеев қарттардың үй-үйін аралап, құттықтап қайтты.

«Әл Хафиз» және «Қарасай баба» мешіттерінің дін қызметкерлері мешіт асханасында қарияларға арнайы дастархан жайып, мешіт имамдары А.Дургалов пен Н.Кеулімжаев ақсақалдарының ақ баталарын алса,  «Өтеген» ауылдық мешітінің имамы Р.Жапек қарттарға қысқы отын үлестірді. Осылайша аудан имамы Д.Жандосұлының бастамасымен мешіттеріміз қарттарға құрмет көрсетті.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: