Тұрмысы төмен отбасының жағдайын біліп қайтты

Тұрмысы төмен отбасының жағдайын біліп қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дана халқымыз «Адамның күні адаммен» десе, Жаратушымыз Құран кәрімде:«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», («Сәбә» сүресі, 39-аят) деп ескертеді. «Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан бізден емес» деген хадис те баршамызға ой салары анық.

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен мешіт жамағаты асыраушысы жоқ, көп балалы ананың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Бес баласы бар ана бір баласының денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмайды, жалдамалы ескі бөлмеде тұруға мәжбүр. Мешіт пен жамағат тарапынан осы отбасына Алла разылығы үшін қаржылай көмек берілді.

Сонымен қатар, бұл отбасы қыста көмірге мұқтаж болады екен. Осы және басқа да мұқтаж отбасыларға қол ұшын беремін деген жомарт азаматтар табылып жатса, «Кеңесхан қажы» мешітіне келулері сұралады.

Арғымақ мінген байлардың

Тайға мұқтаж күні бар.

Май шайнаған билердің

Нанға мұқтаж күні бар.

Елден безген залымның

Елге мұқтаж күні бар.

- демекші, қолымыздағы мүмкіндіктеріміз мәңгілік еместігін ескерсек, қолда барымыздан мұқтаждарға бөліп беруге қашан да дайын болуымыз керек-ақ. Алла елдігімізді мәңгілік еткей!

«Кеңесхан қажы»  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: