Сауат ашу курсының шәкірттері күзгі серуенге шықты

Сауат ашу курсының шәкірттері күзгі серуенге шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің сауат ашу курсының шәкірттері табиғат аясына күзгі серуенге шықты.

Мешітіміздің ұстазы Алдасаева Гүлжанның ұйымдастыруымен бүгін сауат ашу курсының шәкірт қыздары алтын күздің тамаша табиғаты аясында   серуен жасап қайтты.

Шәкірттер табиғат аясында көгалға дастархан жайып, қолдан пісірілген тәттілерін ұсынып, естелікке суретке түсті. Отырыс барысында ғибратты әңгімелерден сыр шертіліп, шәкірттер көңілді тарасты. Осылайша, ұстаз бен шәкірттер арасындағы байланыс тамаша күзгі серуенмен жалғасын тапты. 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: