Ауыл ақсақалдарымен кездесу өтті

Ауыл ақсақалдарымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қай заманда болмасын   ауыл ақсақалдары елдің бірлігін, халықтың тыныштығын ойлаған, дуалы сөздерімен, өнегелі  өмірімен, аймақты, бір рулы елдің қамқоршысы, тілегін тілейтін тілекшісі бола білген. Қазіргі еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізген азат заманда кемеңгер ағалығы мол, айтар ақылы көп  қарияларымыз ортамыздан табылары ақиқат.  

Кеше 1-қазан халықаралық  қарттар күніне орай «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты кездесу  өтті. Кездесуге Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы және ауыл ақсақалдары қатысты. Кездесу барысында. Отбасы құндылықтары мен қоғамдағы маңызы турасында сөз айтылды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бала тәрбиесі жайлы «Сендердiң әрбiрiң жауапкерсiңдер және жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар. Патша өз қол астындағылар үшiн жауапкер және солар үшiн сұралады. Отбасы жанұя үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Әйел күйеуi сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Қызметшi қожайынның мүлкi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Сендер барлығың жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар» деген. «Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп,  қылықтарын қадағалап бағыт-бағдар беруге көңіл аз бөлінуде. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызықшылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап ықпал етуі керек» деп түйіндеді кездесуді бас имам Сұлтаншәріп қажы.

Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: