Облыстық мешіттің наиб имамы Меркі ауданында болды

Облыстық мешіттің наиб имамы Меркі ауданында болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әміреев Бахтияр аудандық  «Меркі ата» мешітіне келіп, бесін намазын жамағатпен бірге оқып, намаз соңында жамағатпен кездесті.

Жат ағымдармен күрес,  мазхабтардың,  оның ішінде Ханафи мазхабының дініміздегі орны  туралы уағыз-насихат айтты.  

«Соңғы кездері жамағат арасында намаз оқу кезінде айырмашылық көп, бірнеше топқа бөліну байқалады. Бөліну жақсылыққа апармайды, діни мәселе жайында білгіңіз келсе мешіттерде ҚМДБ-ның бекіткен имамдары бар және мүфтияттың сайтынан кез келген сұрақтарыңызға жауап аласыздар», - деп атап өтті наиб имам Әміреев Бахтияр.

Іс-сапармен келген наиб имам, жамағатпен ашық жүздесіп, көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: