Қарияларға құрмет көрсетілді

Қарияларға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Шу қалалық «Жәми «мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жиналған жамағатқа «Дұғаның әдептері» тақырыбында уағыз айтты.

Сондай-ақ, алдағы келе жатқан 1-қазан халықаралық қарттар күнімен құттықтап үлкенге құрмет жастарға міндет екенін жастарға  жеткізіп, барша жиналған жамағаттың алдында мешіт жамағаты Сүлейменқұл және Сейілхан қарияларымызға құрмет көрсетіп 1 кілемнен сыйға тарту етті.

Сонымен қатар жұма намазына жастармен жарыса қалмай келіп жүрген ақжаулықты аналарымызға да 1 кілемнен сыйға тарту етті. Ақсақалды қариялармен, ақжаулықты апаларымыз бас имамға шын жүректен алғыстарын айтып, ақ баталарын беріп, тілек тіледі.

Шу қалалық «Жәми «мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: