Мұсылманның 6 қорқынышы

Мұсылманның 6 қорқынышы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иман келтіріп, игі амалдар жасаған жандар туралы Қасиетті Құранда былай айтылған: «Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды» (2:62).

Бірақ бұл жетістік тек о дүниеде ғана мүмкін, өйткені бұл дүниеде мүміндер келешек өмірдегі жағдайларының не боларын ойлап, Алла алдында үнемі қорқынышта болады. Өткен ұрпақ тақуалары иман келтіргендердің бойын өмір бойы алты қорқыныш билеп жүретіндігін айтып кеткен болатын.

Сол алты қорқыныштың біріншісі – иманнан айырылудан қорқу.

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқумен қорқыңдар да Мұсылман болған күйде ғана өліңдер» (3:102).

Ал басқа аятта былай келтірілген: «Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің» (3:8).

Құран аяттарына сәйкес, Алла Тағала тарапынан түсірілген уахилерге иман келтіргісі келмегендіктен, сенбегендіктен жүректер теріс айналады:

- «Олардың көңілдерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз. Олар қаңғырып жүреді» (6:110),

- «Алла, олардың жүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет» (9:127),

- «Сонда олар, жолдан тайған кезде, Алла олардың жүректерін тайдырған еді. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды» (61:5).

Екінші қорқыныш – періштелер адамның амал кітабына Қиямет күні қорлыққа әкеліп соғатын істерін жазып қоюдан қорқу.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді; Раббыңның оған білдіруімен» (99:4-5)

Түсініктемеден: «Әлемдерді мекендеушілердің барлық жақсы және жаман амалдары туралы жер куәлік беретін болады. Қара жер адамзат баласының амалдарын айдан анық етіп айтып беретін куәлердің бірі болады. Алла жерге оның бетінде не болып, не қойғанын толықтай айтып беруге бұйырады, ал жер Оның бұйрығына қарсы келе алмайды».

Үшінші қорқыныш – шайтан адамды тура жолдан тайдырып, жоспарларын бүлдіріп, ал оның істерін игілікке жұмсатпай, оның өзіне қарсы қоюдан қорқу. 

«Ібліс: «Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін; әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын” деді. Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын (деді)» (15:39-40)

Алла Тағала Адам Атаны жаратқан кезден бастап, Жұмақтан қуылғандығы үшін күллі адамзат баласына деген ашуы мен қызғанышы бір басылмаған шайтан әлі күнге адамға қатысты арам ойлары мен қастығын әр кез жаңа сынақ пен азғырулар ойлап табу арқылы іске асырып келеді. Ал мүмін адам болса, шайтанның арбауына төтеп бере алатын, келесі аятта айтылған өте аз топтың ішіне кіре алмай қалудан қорқады: «Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді». (17:62)

Төртінші қорқыныш – аяқ-астында ажал періштесінің тырнағына ілігіп кетуден қорқу.

Адам баласының соңғы ісі – оның нәпақасының көрсеткіші. Егер нәпақасы жақсы болса, онда Алланың қалауымен, оның халі жақсы болмақ, ал егер жаман болса — онда оны қызғылықсыз хал күтуде.

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл» (15:99)

Сондай-ақ, хадисте де былай келтірілген: «Адам қандай халде өмір сүрсе, сол халінде өледі және сондай халде тіріледі» (Мүслим)

Бесінші қорқыныш – баянсыз дүние алданышына елігуден қорқу.

Кейбір сахабалар үйлеріне келіп, күйбең тіршілікпен айналысып жүріп, мешіттегі құтба кезінде сезінген қорқыныш пен дірілді ұмытқандықтарынан өздерін екіжүзділерге жатқызатын болған екен. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) оларды әрбір істің өз орны бар деп жұбататын. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі» (3:185) Иман келтірген жан ең маңыздыны ұмытып, ойынға алданып кетуден қорқады…

Алтыншы қорқыныш — Алла Тағаланы ұмытудан қорқу.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар» (8:28).

Сондай-ақ, Ибн Әби ад-Дуня келтірген хадиске сай Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан екен:  «Сөзсіз, бұл дүние баянсыз, ал о дүние мәңгілік мекен. Баянсыз дүние сендерді адастырып, жолдан тайдырмасын әрі мәңгілік нәрсені сақтап қалуға кедергі келтірмесін. Өткінші нәрседен гөрі мәңгілік нәрсені артық көріңдер. Бұл дүниенің соңы бар, Аллаға қайтарылатын күннен қорқыңдар»

Иман келтірген адамның жүрегіне екі түрлі тыныштық сыймайды екен: бұл дүниедегі және Қиямет күніндегі тыныштық. Кімде-кім осы дүниеде өзінің келешегі туралы қорқыныш сезінбесе, ол оны келесі өмірінде сезінеді. Көптеген тақуалардың өмірі Алла алдындағы қорқыныштың және өз келешегі үшін болған үрейдің көркем үлгісі болған. Рабии әл-Адауиден неке туралы сұрағанда, ол егер келесі үш сұраққа жауап ала алса ғана тұрмысқа шығатындығы жөнінде  айтылған. Сол сұрақтар мыналар еді: «Иманды болып өлемін бе?», «Қиямет күні амал дәптерім қай қолыма берілетін болады?» және «Қиямет күні оң немесе сол жақтағы топта боламын ба?» Осыған ұқсас сұрақтар мен қорқыныш — нағыз иман келтіргендерге тән құбылыс. Кімде-кім осындай қорқынышпен бұл өмірін өткізер болса, Алланың қалауымен,  мәңгілік әрі маңыздырақ өмірде бұл қорқыныштан ада болады...

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: