Шайтаннан сақтану үшін

Шайтаннан сақтану үшін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әл-Бақара» сүресінің 255 аяты –«Аятул Күрсі» Қасиетті Құранның ең ұлы да құнды аяты:

«Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор».

Аталмыш аяттың ұлылығы мен қасиеті туралы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Сөздің мырзасы - Құран, Құранның мырзасы - Бақара сүресі, Бақара сүресінің мырзасы Аятул Күрсі болып табылады».

 «Асылында, әрбір нәрсенің шыңы бар, Құранның шыңы - әл-Бақара сүресі, осы сүреде Құрандағы барлық аяттардың шыңы болып табылатын аят — Аятул Күрсі бар» (Тирмизи).

«Аятул Күрсі Құранның барлық ширегіне тең» (Ахмад).

Аталмыш аяттың үлкен қасиеттерінің бірі – барлық жамандық атаулыдан және шайтаннан қорғауы. Тіпті шайтанның өзі осы дұға одан қорғанудың ең мықтысы болып табылатындығын айтқан. 

Осыған дәлел ретінде екі хадис келтірілген:

1. Зекеттен жиналған дүниелерді қорғап жүрген Әбу Хурайра (р.а.) бір күні ұрлықшыны ұстап алады, ұрлықшы оған: «Мені жіберсең, Алла саған пайдалы ететін сөздерге үйретемін!» - дейді.

Әбу Хурайра: «Бұл не сөздер?», - деп сұрайды.

Ұрлықшы былай айтады: «Ұйқыға жатарда басынан аяғына дейін Аятул Күрсіні айт, сонда сенің қасыңда үнемі Алланың қорғаушысы болады да таң атқанша саған шайтан жолай алматын болады!»

Осы оқиғадан кейін Әбу Хурайра (р.а.) мұны Пайғамбарымызға (ﷺ) айтып береді, сонда оған берілген жауап мынадай болады: «Барып тұрған өтірікші болса да ол расымен саған шындықты айтқан екен!» Осыны айтып Пағамбарымыз (ﷺ) Әбу Хурайраға ұрлықшы болған адам кейпіндегі шайтан», - деп айтқан екен (Бұхари).

2. Убайя ибн Ка’ба келтірген хадис, күндердің күнінде оның құрмасы азайып кетеді де ол түнде оны күзетпек болады. Сонда ол жасөспірімдей біреуді көреді де онымен амандасып:

 «Сен жынсың ба әлде адамсың ба?!» - деп сұрайды.

Анау: «Мен жынмын», - деп жауап береді.

Убайя оған: «Маған қолыңды берші», - дейді. Ол оның қолы иттің табанына ұқсас әрі иттің жүніндей сабалақ жүні бар екенін байқайды.

Сонда Убайя: «Жындар осылай жаратылған ба?!» - деп сұрайды.

Анау: «Жындардың арасында менен артық мықты жоқ екенін олар біледі»,  - дейді.

Убайя: «Мұнда неге келдің?» - дейді.

Анау: «Сені садақа жасағанды жақсы көреді деп естідік, сондықтан сенен азық алуға келдік» - деп жауап береді.

Убайя: «Сендерден бізді не қорғайды?» - деп сұрайды.

Сонды жын былай жауап берген екен: «Әл-Бақара» сүресіндегі Аятул Күрсі». Кімде-кім бұл аятты таңерең оқыса, кеш батқанша бізден қорғанады, ал оны кешке оқыған адам, бізден таң атқанша қорғаныста болады».

Таң атқанда Убайя Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп, көрген-білгенін айтып береді, сонда Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан екен: «Жексұрын болса да ол ақиқатын айтқан екен!» (Насаи).

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: