Неліктен салауатта Ибраһим пайғамбардың (а.с.) есімі аталады?

Неліктен салауатта Ибраһим пайғамбардың (а.с.) есімі аталады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда мынадай аят бар: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады...» (33:56).

Осы аят түсірілгенде Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) былай айтқаны келтірілген:

- Уа, Алла Елшісі! Алла Тағала саған берген әрбір берекеден бізге де үлес берген. Осы берекенің қаншасы бізге тиесілі?

Алланың мәртебелі Сүйіктісі (ﷺ) біраз уақыт жауап бермей, үнсіз тұрып қалады. Сонда Жәбірейіл (а.с.) келіп, мына бір аятты жеткізген екен: «Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Алла, сендерге тым жұмсақ, ерекше мейірімді» (57:9).

Содан кейін осыған ұқсас тағы бір аят түскен: «Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған деген нығметін тамамдау және саған тура жол көрсету үшін» (48:2). Бұл жерде айтылып отырған күнәлар, сіз бен біздер жасайтын күнәлар емес. Пайғамбарлар күнә жасай алмаған, өйткені Алла оларды күнә жасаудан сақтаған. Бұл жерде «заллә» деп аталатын оларға тән қателіктер ғана айтылып отыр. Бірақ бұл біз білетін қателіктер емес. Жоғарыда айтылған аят түсірілгенде, сахабалар былай айтқан екен: «Бұл қуанышты хабар саған қайырлы болсын».

Сол кезде «Зумәр» сүресінің елу үшінші аяты түсірілген. Алла Тағала Өзінің Сүйіктісіне былай бұйырған: «(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де» (39:53).

«Фәтих» сүресінің екінші аятында айтылғандай: «Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған деген нығметін тамамдау және саған тура жол көрсету үшін» (48:2), ал Мұхаммедтің (ﷺ) үмбетін қуандыру үшін «Муминун» сүресінің бірінші сүресі түсірілген. Алла Тағала бұл аятта былай айтады: «Шынында иман келтіргендер құтылды» (23:1).

«Инширах» сүресінің бірінші аяты түсірілгенде: «(Мұхаммед Ғ.С.) көңіліңді ашпадық па?», сахабалар тағы да айтқан екен: «Бұл қуанышты хабар саған қайырлы болсын».

Сонда «Зумәр» сүресінің жиырма екінші аяты түсірілген. Бұл аятта Алла Тағала былай айтады: «Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда» (39:22).

Егер Алла Өзінің Сүйіктісіне (ﷺ) салауат жіберетін болса, онда бұл дүниедегі Өз құлдарын да құр алақан қалдырмайды. Егер Алла және Оның періштелері Алла Елшісіне (ﷺ) салауат айтар болса, онда Қиямет күні бізді де жәрдемсіз қалдырмас деп үміттену керек әрі адамзат баласының ардақтысының құрметіне бізді рақымсыз қалдырмас.

Алла Сүйіктісіне (ﷺ) салауат айтуға бұйырған аят түскенде сахабалар оны қалай айту керектігін білгілері келгендігі келтірілген.

Алла Елшісі (ﷺ) оларды екі даналығы бар салауатты үйреткен екен.

Бірінші даналық: Алла Тағала салауат айтуға бұйырған. Оны Алла Тағалаға арнаймыз. Мысалы, біз былай айтамыз: «Аллахумма салли алә Мухаммад», яғни, «Уа, менің Аллам, Мұхаммедке салауат айт, өйткені біздің салауатымыз Сенің Сүйіктіңе лайықты құнды әрі жоғары дәрежеде емес. Өзіңнің құдіретіңмен әрі ұлылығыңмен, оған лайық болар салауат жібер».

Салауаттан шексіз рақым мен мәңгілік сауап беріледі. Біздің салауатымыз баянсыз болғандықтан, оған лайық емес. Сондықтан да біз мәңгілік салауат пен шексіз мейірім болсын деп Алла Тағалаға сиынамыз. Мұны Алла Тағаланы дәріптеумен салыстыруға болады, өйткені біздің дәріптеулеріміз де Аллаға лайық емес, Қасиетті Құранда Алла Тағала Өзін қалай дәріптеудің көркем үлгісін: «Әлхамдулилләһи раббил аләмин», - деп Өз құлдарына көрсеткен болатын.

Екінші даналық: Пайғамбарлардың ішінде Ибраһим пайғамбар (а.с.) ерекше аталған, ол туралы былай делінген: «Кема салләйта алә Ибраһим». Ерекше атаудың себебі келесіде былай түсіндіріледі:  Алланың досы осы үмбет оны жақсы түрде еске алуын сұрап Аллаға дұға еткен екен. Оның дұғасы қабыл болып, Алла бұл үмбетке осындай түрде салауат айтуды бұйырған.

 «Зухруррияд» пен «Тажул музаккиринде» Алла Тағала мәртебелі Ибраһимге (а.с.) Қағбаны салуды бұйырғаны айтылады. Сол салынған Қағба осы үмбеттің қыбласына айналған. Соған сауап ретінде, Алла Өз құлдары мен періштелеріне оған салауат айтып, жақсы түрде еске алуды бұйырған.

 «Тажул музаккиринде» имам Әбу Бәкір ар-Разиден салауатта Ибраһимнің (а.с.) аталуының себебін сұрағанда ол былай деп жауап берген:

- Ибраһим пайғамбар (а.с.) Қасиетті Қағбаны салып болғанда, мына бір дұғаны айтқан екен: «Иә, Раббым! Осы Үйдің құрметіне орай, Мұхаммедтің үмбетін мейіріміңе бөле әрі мені олардың шапағатшысы етші!»

Ысмайыл, Ысқақ, Сара мен Хажар осы дұғадан кейін «әмин» деген екен. Алла Тағала былай бұйырған:

 «Уа, Менің Сүйіктім! Ибраһим және оның ұрпақтары сенің үмбетіңді өз дұғаларынан тастамаған. Сен де өз үмбетіңе олар үшін намаздарында дұға етсін деп өсиет ет».

 

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: