«1000 теңгеге баспана» тағы бір жанұяны қуантты

«1000 теңгеге баспана» тағы бір жанұяны қуантты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде  «Харекет» қайырымдылық қорының 1000 теңгеге баспана акциясы аясында «Байзақ баба» мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен 8 балалы отбасыға баспана кілті табысталды.

Ауданның бас имамы Азизов Рамиз қажы жұма уағызының соныңда құрылғанына бір жыл толған «Харекет» қайырымдылық қорына алғысын жеткізе отырып, қордың негізгі мақсатың айтып өтті. «Харекет» қайырымдылық қордың мақсаты жетім жесірлерді,  көп балалы аналарды қуанту мақсатында әр бір азаматтың 1000 теңгеден жиналған қаражатты үйге мұқтаж болып жатқан азаматтарға жер телімін мен үйін алып беріп жағдайымен толыққанды таңысу. Және де әр бір азамат ат салыса алатының айтты. Жамағаттын алдында 8 баланың ата – анасы осындай игі бастаманы ұйымдастырған ауданың бас имамы Азизов Рамиз қажыға, мешіт қызметкерлеріне және «Харекет» қайырымдылық қорына алғыстарын жеткізді.

Игі іс – шарада жұма намазынан кейін жиналған жамағатқа «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен мешіт алдында жәрменке ұйымдастырылды. Жәрменкеде тәтті тағамдармен сусындар қол жетімді бағада сатылды. Жәрменкеден түскен қаражат «Харекет» қайырымдылық қорына аударылады. Сондай – ақ Жамбыл Тараз телеарнасына «Байзақ баба» мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек  сұхбат берді.    

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: