Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кішіпейілдігі

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кішіпейілдігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атақ-даңқы шартарапқа жайылып, мұсылмандықты қабылдағандардың саны артқан сайын Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кішіпейілділігі тереңдей түскен.

Ол өзін үнемі айналасындағы адамдармен тең көріп, өзін ешқашан олардан артық санамаған. Біреу «Менің үйдегі шаруама көмектесіп жібер», — десе, барып көмектескен.

Айша анамыз (р.а.): «Алла расулы үй ішінде киімін өзі жамап, аяқ киімін өзі жөндеп, әйелдерінің үй шаруасына жәрдем ететін», — дейді (Тирмизи, Шәмаил, 78). Мешіт құрылысында ел бір кірпіштен тасып жатқанда екі кірпіш тасып, ор қазу ісінде ел бір тастан тасығанда беліне екі тастан байлап тасыған.

Алдына келіп айтқысы келген сөзін жеткізе алмай дірілдеп отырған адамға: «Бауырым қорықпа, мен де сен сияқты қара нан жеп өскен бір ананың баласымын», — деген Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзаттың ең сыпайысытұғын. Қады Ияд осы тамаша қасиет жайында: «Алла тағаланың нәсіп еткен жоғары дәрежесіне қарамастан Пайғамбарымыз өте кішіпейіл еді.

Ешқашан тәкаппарланбайтын. Атқа мінгенде артына адам отырғызып, кедей-кепшіктің үйін аралап, пақырлармен емін-еркін әңгімелесетін. Құлдардың шақыруын қабылдап, қонаққа баратын. Сахабаларымен араласып, бір жиынға барғанда басқа адамдарды орындарынан тұрғызып әуреге түсірмеу үшін шеттегі бос орынға жайғасатын», — дейді (Қады Ияд, әш-Шифа, I, 101-б).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: