Францияның Білім министрлігі араб тілін оқытуды көздеп отыр

Францияның Білім министрлігі араб тілін оқытуды көздеп отыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Францияның Білім министрлігінің басшысы Жан-Мишель Бланкердің мәлімдеуінше, елдің мектептерінде араб тілін оқыту жоспарда тұр. Француз шенеунігі мұндай бастаманы жергілікті BFM TV телеарнасына берген сұхбатында айтып өткен.

«Араб тілі – ұлы әдебиет тілі, оны тек араб елдерінің халқы ғана оқып-тануы қажет емес. Араб тіліне қатысты біз көлемдік стратегия қолдануға ниеттеніп отырмыз», - деп атап өткен министр.

Жан Мишель Бланкердің есептеуінше, тілдерді оқыту саласында даму бар, қытай және орыс халқының  ұлы тілдері сияқты араб тілі де өте маңызды тілдердің бірі болып табылады. Сөзсіз, бұл тілдерді ілгерілету қажет. Аталмыш тілдерді беделді ету маңызды.

Сонымен қатар, ведомство басшысының түсіндіріп өткеніндеі, оқығысы келген тілдерді, соның ішінде неміс және итальян тілдерін де, балалар өз қалауы бойынша таңдай алады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: