«Әйелдер-қыздар» секторының атынан Зейнеп Ахметоваға құрмет көрсетілді

«Әйелдер-қыздар» секторының атынан Зейнеп Ахметоваға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да «Аманат арқалаған жан» деген тақырыпта батыр Бауыржан Момышұлының келіні, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» кітаптарының авторы, жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының атынан орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Алдасаева Гүлжанның ұйытқы болуымен бір топ әйел жамағаты мен шәкірт қыздар қазақы дәстүрлерді  насихаттаушы  Зейнеп Ахметоваға осындай келелі сұхбаты үшін алғыс айтып, гүл шоқтарын табыс етіп, құрмет көрсетті. Кездесу барасында сырласып, естелікке суретке түсті.    

Кездесуде Зейнеп Ахметова ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжірибесінен кеңінен әңгімеледі. Үш күнге жоспарланған кездесу ертең өңірдегі жоғарғы оқу орындарында жалғасады.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: