Сабырлы мұсылманның 10 қағидасы

Сабырлы мұсылманның 10 қағидасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (ﷺ) шынайы байлық бұл дүние нығметінің молшылығында емес, жан байлығында деп айтқан болатын. Ал сабырдан артық жан табысы болмайтынын біз біле бермейміз. Алла Елшісі (ﷺ) тағы да былай айтқан: «Ешбір адамға сабырдан жақсы әрі ауқымды ештеме нәсіп етілмеген».

Сабыр үш түрге бөлінеді:

  • Алланың бұйырғанына бойұсынудағы сабыр;
  • Күнәні қалдырудағы сабыр;
  • Алланың нәсіп еткен қиыншылықтарына сабыр.

Бұл өте ауқымды ұғым болғандықтан, егжей-тегжейлі түрде түсіндіруді талап етеді. Сонымен, сабырлы болу дегеніміз не?

  1. Өмір жолында кездесетін ауыртпашылық пен сынақтарға бойұсыну, яғни сынақтарды өмірдің әділетсіздігі деп қабылдау және оларға өсу мен дамудың табиғи бөлігіне қарағандай қарау.
  1. Оларды еңсеруде мақсатты әрі табанды болу.

Хадистердің бірінде былай айтылған: «Сізге пайда әкелетін нәрсеге қол жеткізуде ешқашан берілмеңіз». Ал басқа хадисте: «Сабырсыз жеңіске жетпейтініңді біл», - деп айтылған.

  1. Жамандыққа жақсылықпен жауап беру.

«Жамандыққа жақсылықпен жауап бер, сені ренжіткен адамды кешір де одан кек алма. Адамдар сенен қашпасын десең, мейірімді бол» (хадис).

  1. Уәде мен уағдаластыққа берік болу.

«…Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады» (17:34).

  1. Қиыншылық пен сынақтарда абыройды жоғалтпау.

«Мұхаммед (Ғ.С.) пайғамбарлардан майталмандар, сабыр еткендей сабыр ет...» (46:35).

  1. Табыс пен жетісіктерде сыпайы болыңыз.

«...Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар» (21:35).

  1. Сезім мен жағдайларға берілмей, нәпсіңізді ауыздықтай біліңіз.

«(Мұхаммед Ғ.С.) ойын тәңір жасап алғанды (ойының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба?» (25:43).

  1. Рух мықтылығы мен сабырлықты сақтаңыз.

«Жаны да, тәні де күшті мүмін әлсіз мүмінге қарағанда жақсы, алайда екеуінде де қайыр бар. Сізге пайдасы бар әрі сіздің күшіңізді нығайтатын нәрсеге ұмтылыңыз, күресте немқұрайлы болып, бейжайлық танытпаңыз» (Әбу Хурайрадан (р.а.) келген хадис).

  1. Қажеттен артық күш жұмсамай, тиімді бола білу.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Ақиқатында, әр нәрсені ойланып, асықпай жасағанымызды Алла жақсы көреді».

  1. Әрбір жаманшылықтан бір жақсылықты таба білу.

Әнас Ибн Малик (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Індет те жоқ, әлдебір құбылыстан жаман белгі көру де жоқ! Бірақ маған  оптимизм ұнайды!» «Оптимизм дегеніміз не?» - деп сұрағанда, Алла Елшісі (ﷺ): «Жақсы сөз», - деп жауап берген екен.

Сабырлық қымбат тұрады – бұл өз-өзінен бас тарту. Демек, әр кез ақыл-парасаттың айтқанымен жүріп, нәпсінің пәлсапасын құлаққа да ілмейтін болсақ, оның зығырданы қайнаған дауысын естуімізге болады, өйткені әділетсіздіктің алдында сабыр мен бойұсыну ассоциацияланып кетеді, алайда бұл теңгерімнің бұзылуы, ол бұл дүниеде болмаса да о дүниеде қалпына келтіріледі.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады» (39:10). Кейбір тақуалар былай айтқан: «Сабыр етушілерге берілетін сый өлшенбейді де таразыланбайды, оларға есепсіз беріледі». Ақиретте бұл қисапсыз сый, ал хадиске сай, бұл дүниеде «жарқыраған нұр». Сабырлы болыңыздар да нұрға бөленіңіздер!

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: