Сүннетке сай күйзелістен тез арылудың жолы

Сүннетке сай күйзелістен тез арылудың жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күйзеліс! Шырғалаңға толы бұл дүниеде күйзеліске түспейтін, күйзелісті басынан өткермейтін пенде жоқ шығар. Ішкі күйзелісімізді бұрқ еткізіп, сыртқа шығарудың алуан түрін тауып ала қоямыз: балаларымыз үй шаруасындағы міндеттерін атқармаса, оларға дауыс көтереміз; әлдебір мәселені шеше алмғанда, үстелімізді жұдырықпен түйіп қаламыз немесе қара бұлттай үйірілген ойлардан арылу үшін  комедия көреміз.

Алла Елшісінің (ﷺ) сүннетінде күйзелістен құтылудың керемет тәсілдері бар және осы тәсілдерді қолдану арқылы сіздер Алланың сыйына бөленесіздер.

 

Әтір себіну

Хош иісті терапия күйзелістен арылудың анағұрлым белгілі құралына айналған, мұны косметикалық индустрия табысты түрде қолдануда.

Тіпті әтірлердің жұпар иісін құшырлана иіскеу арқылы да күйзелістен арыла аласыз. Ал егер әтірді жұмыста немесе үйде орынды түрде пайдаланатын болсаңыз, күйзелістен тек өзіңіз ғана  емес, сонымен қатар, маңайыңыздағы адамдардың да күйзелістен шығуына көмектесесіз.

 

Күлімсіреу

Күйзеліс және торығумен күресуде күлімсіреудің жағымды аспектілерін айтудың да қажеті шамалы, психологтардың соңғы зерттеулеріне сай, қарапайым ғана қарындашты аузымызға салып, еріндерімізбен қысып отырудың өзі де жан ахуалымыздың жақсаруына септігін тигізеді екен. Бұл әрекет күлімсіреу кезінде іске қосылатын беттің бұлшық еттерін қимылдататын көрінеді.

 

Дәрет алу

Рухани тазарудан бөлек, дәрет алуда релаксацияның ең танымал екі технологиясы бар – сумен емдеу және зейін қою. Дәрет алу кезінде салқын судың сіздің теріңізбен ағып бара жатқанын сезінуге тырысыңыз. Сізді жауапкершілік жүгінен арылтып, дене мүшелеріңізден ағып бара жатқан әрбір судың тамшысымен сіздің күнәларыңыздың кетіп бара жатқаны туралы ойлаңыз. Денеңіздің, санаңыздың және рухани тазарғаныңызды ойша елестетіңіз.

 

Кешіру

«Сені кешіремін» деп айтуға бірнеше секунд қана кетеді. Реніш сезімінен арылмау – күйзеліс пен торығуға әкеліп соғатын ең тура жол. Кешіре білетін жандарға Алланың беретін нығметі туралы ойланыңыз.

Алла Елшісі (ﷺ) кешіре білу қажеттігі туралы былай айтқан: «Кімде-кім бауырының кешірімін қабыл етпесе, Кәусар бұлақтан ішпейтін болады» (Хаким). «Мұсылман бауырының кешірімін қабыл алмау –күнә болып табылады» (Абу Дәуд). «Кімде-кім кешірім бермесе, кешірім сұраушының күнәсін арқалап алады» (Ибн Маджа). «Кімде-кім Алла разылығы үшін өзгелерді кешіретін болса, Алла оның дәрежесін көтереді» (Мүслим). «Кешіріңдер, сонда кешірілесіңдер» (Ахмад).

Алла Елшісінің (ﷺ) өмір бойы надан адамдардан көрмегені жоқ. Алла Елшісі (ﷺ) ислам дінін тарату үшін Таифке келгенде, сол жердің тұрғындары оны өтірікші деп жала жауып, ал балалары үлкендердің айдап салуымен оған тас жаудырған, сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) олардан әрең қашып құтылған болатын.

Жала жабылған әрі қан-жоса болған ол (ﷺ) Алладан қала тұрғындарын кешіруді  өтінеді, алайда Жәбірейіл (а.с.) қалаға, оның тұрғындарына жартастарды лақтырып, құртып жіберуге дайын болған еді. Пайғамбарымыз (ﷺ) кек алмай, былай деп дұға жасап: «Уа, Алла! Бұл адамдарға қатысты өзімнің әлсіздігіме, сәтсіздігіме наразымын. Сен, рақымдысың әрі мейірімдісің! Сен әлсіздердің және менің Әміршімсің. Сенен басқа арқа сүйер ешкімім жоқ, Сенің сөзіңе сүйіспеншілік пен сыйластық тануда Сен менің әлсіздігіме ашуланбасаң, басымнан өткеріп жүрген барлық ауыр сынақтарға мен еш абыржымаймын», - деп Таиф тұрғындарын кешіреді.

 

Құран аяттарын оқу

Құран – әлемдегі ең жақсы шипа; Алланың ғажайып сөздерінің әуені біздің жанымызға шипа береді. Оның аяттарының мағынасы жағымсыз ойлардан құтылуға септігін тигізеді.

Құран оқу – сүннет, тыңдау – парыз болғанымен де, Құранды өзіңіздің оқығаныңыз сіздің жақсы амалдарыңызды көбейтіп қана қоймай, сондай-ақ, күйзелістен арылуыңызға да көмегін тигізеді.

Адамдардың басым көпшілігі күнделік жүргізіп, өзін алаңдатқан дүниелермен бөліседі, бірақ ең жақсысы – қиыншылықтарды Алламен бөліскен абзал. Алла Тағаламен жан-дүниеңізді алай-дүлей еткен мәселелермен бөлісіңіз де көмек, жәрдем тілеңіз. Сіз жеңілдеп қана қоймайсыз, сонымен қатар, сауапты амалдарыңыздың қатарын арттырасыз. Алла Тағала Өз мейірімімен сізге көмектесетініне сенімді болыңыз.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: