«Екінші ми» немесе шешім қабылдауға тағам қалай әсері етеді?

«Екінші ми» немесе шешім қабылдауға тағам қалай әсері етеді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діни әдебиеттерінде қомағайлыққа салынып, артық ішіп-жеп қою қатты айыпталатындығы, сондай-ақ, «асқазанды толтырып алу» ақыл-ой мен тақуа амалдарға қарама-қайшы қойылатындығы жиі кездеседі. Бұған бірнеше хадистерді келтірейік:

Имам әл-Ғазали былай айтқан: «Харам асты жеуді  айтпағанда, халал екен деп тойып ішіп-жеу – бәленің қайнар көзі болып табылады»;

Ат-Тирмизи, ан-Насаи, Ибн Маджадан жеткен хадисте былай айтылған: «Адам баласы өзінің асқазанынан өткен зиянкелтіргішті көрмеген. Оның аштан өлмеуі үшін бір тілім де жеткілікті. Егер бұл мүмкін болмаса, онда асқазанының үштен бірін - тамаққа, үштен бірін – сұйықтыққа, қалған үштен бірін – ауаға қалдырсын»;

Ат-Табарани келтірген хадисте: «Менің халқымның көргенсіздері – ішіп-жеуде астамшылық жасап, содан семіретіндер, алуан түрлі тамақтанып, киінуге тырысатындар және ділмар болуға ұмтылатындар».

Мұндай қарама-қайшылық келесі сауалды туыдыруы мүмкін – «асқазан» мен діни тәжірибе және шешім қабылдаудың даналығы өзара қалай байланыста болмақ? Неліктен көптеген уағыздар мен діни мәтіндерде не ішіп, не жеп жүргеніңе басты көңіл аударуға кеңес береді? Кейбір хадистерде тыйым салынған тағамдарды жеу, дұғаның қабыл болуына кедергі болуы мүмкін деп айтылған. Сонда мәселе неде болғаны?  Біздің тәніміз туралы кейбір ғылыми деректер бұған жақсы жауап бола алады…

Ғалымдар асқазанды екінші ми деп те атайды. Олардың пайымдауынша, ас қорыту жүйесіндегі нейрондар жүйке жүйесіндегіден де көп. Ішек эмоцияны реттеуде басты рөл атқарады, нәтижесінде адам ақпаратты өңдеп, шешім қабылдайды. Міне, сондықтан да көптеген адамдар әлдебір шешім қабылдауда жүйке жүйесіне сеніп сүйенеді, өйткені ол өзара байланыста болатын көптеген нейрондардан тұрады. Сезімтал рецепторлардан ақпаратты алатын жүйке жасаушалары оны өңдеп, жауап бергізу үшін миға жібереді. Бұл үрдіс үш қарапайым қадамнан тұрады: ақпаратты қабылдау, өңдеу және жауап алу. Алайда бұл заманауи адамның өміріне жеткілікті ме?  Адамзаттың сана-сезімі күнделікті шамамен 5000 жарнаманы қабылдайды. Ал мұндай жүктемені жүйке жүйесі қалай көтермек?

Мұның жауабы мынада, жүйке жүйесіне «кіші бауыры» немесе ішек жүйке жүйесі түріндегі көмекшісі қолдау көрсетіп отырады. Дегенмен, сыртқы белгілеріне қарап ми мен ішекті егіз деп айтуға болмас, бірақ олардың жүйке қызметтері бірдей. Асқазанның, өңештің, аш ішек пен тоқ ішектің жұмыстарын миллиондаған нейрондар басқарады. Олар эмоцияны реттеуге қатысатын серотонин мен допамин сияқты негізгі нейротрансмиттерді іске қосады. Бұл нейрондар мимен жиі байланыста болады, бірақ жеке дара қызмет етуге де қабілетті. Сіз аяқ-астынан бір нәрсені қалап немесе кенеттен шешім қабылдайтыныңыз осымен түсіндіріледі. Бұл бір топ нейрондар белсенділігінің артуы ғана емес. Ішек – бұл өз алдына биоәлем, онда 300-ден 500-ге дейін бактериялардың түрлері «тіршілік» етеді. Бұл күллі ағзаға, соның ішінде, зат алмасуға, көңіл-күйге, иммундық жүйеге әсер етеді.

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде зерттеушілер миға әсер етеді деген негізгі екі ішек бактерияларын зерттеген. Тәжірибеге шамамен 40 шақты қыз-келіншектер қатыстырылған. Олардың ішектерінде мидың сезімдік және эмоционалдық бөлігімен қатты байланыста болатын Превотелла деген бактериялар басым болған. Мұндай әйелдер жағымсыз жағдайлар мен эмоцияларды игеру қиынға соққан.    

Ал ішектерінде Бактероид деп аталатын бактериялар басым болған әйелдер анағұрлым рационалды болып, жағымсыз тапсырмаларды жеңіл игеріп алған. Аталмыш тәжірибе көптеген нейрондар мен бактериялар бар ас қорыту жүйесінің бір бөлігі мидың жұмысына, қабылданатын шешімге және ақпаратты өңдеу сапасына тікелей әсер ететіндігін көрсеткен. Ендеше, егер асқазан мен ішекті екінші ми деп есепетеуге болса, онда адам оны диета ұстау арқылы «жөнге салып» алуына болады.

Дұрыс тамақтану, зиянды және рұқсат етілмеген тағамдарды ас мәзірінен алып тастау, тәртіп пен диетаны сақтау «ішек миын дамыта» алады немесе керісінше болады. Бұл деректер неліктен көптеген рухани ілімдерде, әсіресе, Исламда тамақтану мәдениетінің деңгейі тікелей рухани даму деңгейімен байланыста болатынын түсіндіріп бере алады.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» (7:31).

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: