«Һибатулла Тарази» мешіті 500 отбасына ет таратты

«Һибатулла Тарази» мешіті 500 отбасына ет таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналған Құрбан айт мерекесінде облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде мешітке келіп өтініш білдірген тұрмыстық жағдайы төмен 500 отбасының әрқайсысына 3,5 кг 500 пакет құрбандық еті таратылды.

Раббысының разылығы үшін құрбандық шалып, құлшылық жасағандардың бұл мерекені енді бір жыл бойы сағына күтері анық. Мерейлі мерекенің мейірін сезінген мұқтаж жандар да бұл күндерді мейірлене еске алатын болады.

Орталық мешіт жыл сайын осы мерекеге орай «Құрбан айттан қайырым» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып келеді. Биылғы жылы акция аясында құрбандық малы  арнайы қасапханаларда сойылды.

Ұлық мерекенің бірінші күні басталған басты рәсіміне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр Жұмабаев қатысып, батасын арнады. Сондай-ақ, қайырымдылық шарасына қосылған жамағатқа ізгі тілегін айтып, дұға жасады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: