Меркі аудандық мешітінде Құрбан айт мерекесіне қатысты жиналыс өтті

Меркі аудандық мешітінде Құрбан айт мерекесіне қатысты жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы бастауымен Құрбан айт мейрамының қарсы алдында, ауыл имам-молдаларының жиыны өтті.

Жиынның басты тақырыбы, Құрбан айт мейрамының алдында, жиналған жамағаттар мешіт ауласында өздеріне керекті жағдайдың бәрі болу керек, олар: әжетхана, дәретхана тазалықтары, сабын, су, әжетхана қағаздары толық жабдықталу керек. Мешіттің ішкі-сыртқы тазалықтары, керек болған жағдайда әктеу, бояу жұмыстары жүргізілсін. Мешіттің кіре беріс ауласына «Құрбан айт құтты болсын» деген бильбордтар ілінсін.

Орталық «Меркі ата» мешітінде айт намазынан шыққандарға мерекелік қазақи ұлттық дастархан жайылады (тоқаш, құрт, ірімшік, конфет). Құрметті ауыл молдалары сіздерден сұранатыным айт намазына келген және құрбан етіне мұқтаж жандар ет алуға келгенде дөрекі сөздер айтылмасын, жұмсақтық, көркемдік танытыңыздар.

Айттың екінші күні Спорт мектебінің жас түлектері өз өнерлерін көрсетеді (арқан тартыс, гір көтеру, асық ойыны, білек сыбасу). Бұл көріністерді жастайынан мүгедек болып туылған жас сәбилер тамашалайды, соңынан 120 бала ата-аналарымен мерекелік дастархан, құрбан етінен дайындалған мерекелік астан дәм татады.

ҚМДБ-ның бас төрағасы Бас мүфтидің тапсырысы бойынша осы аталған іс-шаралар қәзіргі уақытта атқарылып жатыр.

 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: