Байзақ ауданында имам-молдалардың кезекті жиыны өтті

Байзақ ауданында имам-молдалардың кезекті жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде Құрбан айтқа байланысты имам-молдалардың жиналысы өтті.

Құрбан айтқа байланысты ауданымыздың бас имамы Азизов Рамиз қажы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының Құрбан айтқа байланысты тапсырмасымен таңыстырып, ҚМДБ – ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаевтың ауыл имам-молдаларына айтқа байланысты құттықтау сөзін жеткізді.

Жиналыста айтқа байланысты жамағатпен жақсы қарым – қатынаста болуды, құрбан еттерін жағдайы төмен отбасыларға теңдей үйлестіріп беруін, ауыл тұрғындарының құрбандық шалуына мешітте жағдайдың болуы, ұлтық нақышқа сай арқан тарту, қол күрес, қазақша күрес ойындарын ұйымдастыруын және беделді азаматтарға, мешіт демеушілеріне, ауыл ақсақалдарына айттық дастархан жайылу керектігін тілге тиек етті.

 Мешіттің ауласының таза болуы, мешіт дыбыс күшейткіштерінің даусы жақсы шығуын, айт намазын сыртта оқитың жамағатқа кілемдердің жайылуы және таза болуын қамтамасыз етуін тапсырды.

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: