Канадада мэр мен вице-премьер мұсылманға қолдау көрсетті

Канадада мэр мен вице-премьер мұсылманға қолдау көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Канаданың Саскатун қаласында мешіттен келе жатқан мұсылманға шабуыл жасалған болатын, енді сол мұсылманға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған шараға 200-ден астам адам қатысты. 13 шілде күні Әбу Шейх дәстүрлі діни киімін киіп, мешітте таң намазын оқып, үйіне қайтып келе жатады. Сол кезде ол келе жатқан жауяжолға бір машина шығып оны қақпақшы болады. Әлгі көлік оны үйіне дейін қуып келеді. Содан кейін көлікте отырғандар Әбу Шейхтың үйіне кірпіш лақтырады.

Өткен демалыста шабуылға ұшыраған мұсылман мен оның отбасына қолдау көрсету мақсатында ниеттестік шарасы ұйымдастырылған еді. Қала тұрғындары жапа шегушіге шабуыл жасалған күні ол намаз оқып шыққан мешітке жиналып, Әбу Шейхпен бірге оның жүріп өткен жолын жүрген болатын.

«Аяушылық таныту әрекетті талап етеді. Болған жайт туралы адамдардың көңілі қатты бұзылды, менің әкемнің Саскатунге керек әрі бұл жер қауіпсіз екендігін білдіру үшін оларға мүмкіндік берілді», - деп атап өтті Әбу Шейхтың қызы Айша.

Аталмыш шараға қатысушылар қатарында жоғары лауазымды тұлғалар да болған:  исламофобия құрбанына қолдау көрсетуге вице-премьер Гордон Вайант, мэр Чарли Кларк және тағы да басқа саясаткерлер келген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: