Мұсылман келіншек АҚШ Конгресінен орын алды

Мұсылман келіншек АҚШ Конгресінен орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-тың Миннесот штатының заң шығару мәжілісінің депутаты Ильхан Омар өткен сейсенбіде өз штаты бойынша 5-ші сайлау округінің демократиялық праймериз аясында жеңіске жетті. 36 жасар мұсылман келіншек АҚШ Конгресіне сайланып, ислам дінін ұстанушы конгрессмен Кит Эддисонның орнына отырады деп күтілуде. Көпжылдық депутаттық қызметтен кейін Кит Эддисон америка штатының бас прокурорының орнына сайлануға үміт артуда.

Жасөспірім кезінде Сомалиден АҚШ-қа келген хижабтағы саясаткер мұсылман келіншек Кит Эддисонның бос орнына күрес барысында 6 үміткерді жеңіп кетті. Осы жылдың қараша айында Омар Конгреске сайланатын болады, - деп жазды Ансар.ру. Белсенді саяси қызметке оны итермелеген Дональд Трамптың «саясат қорқынышы» болды және мұсылман келіншекті иламофобиялық орынсыз шабуылдар тіпті де алаңдатпайды. Бұдан бөлек, АҚШ Конгресінің мүшелігіне Мичиган штатының өкілі тағы да бір мұсылман келіншек Рашида Тляйб өтті.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: